(adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});

Statistics

0Best Friend(s)
No content yet
0Profile Highlights
No content yet

Арман Кенжебек arman_zhann arman_zhann Posts

Мына ☝️ 10 мақсаттың біреуін немесе бірнешеуін таңдап, өз нәпсіңізбен күресіңіз! ⠀ Ал кім қайсысына дайын??? ⠀ Осындай 10 әдетпен "ауыратын" таныстарыңыз бар ма?

Share 134 11

ТӘРБИЕ МЕН ТАНЫМ ⠀ Иә, бұл бұйырса ертеңгі Жезқазған "Білім - инновация" лицейіндегі @bil.zhezkazgan дәрісімнің тақырыбы. ТӘРБИЕ - тал бесіктен жер бесікке дейін адам тағдырына тікелей әсер ететін ұлы іс. Ал ТАНЫМ - дүниені танып-біліп, тіршілік етуге негізделген құбылыс. Екеуі - егіз, алғашқысыз соңғысы пайда бермес... ⠀ "Тәрбиеміз - асыл дінімізде, ата дәстүрімізде жатыр. Танымымыз - тамырдағы қанымызда, тастағы тарихымызда жатыр..." деп басталатын дәрісімізде дарынды балаларға даналық ойдан дән ексек деген ойымыз бар. ⠀ Тақырып төңірегінде Сіздің не алып-қосарыңыз бар? ⠀ Қазіргі оқушыларға қандай насихат жетпей жатыр? ⠀ Өскелең ұрпақ нені өнеге қылуы керек? ⠀ P.S: ПІКІР ҚАЛДЫРЫП, ОЙ БӨЛІСІҢІЗДЕР! ⠀ Ұнаған пікір иесінің Каспий Голдына 1000 тг ЖІБЕРМЕЙМІН, жай әшейін алғыс білдіремін және дәрісте пайдаланамын 🤣😁😉.

Share 161 7

*** Қыздар мен келіншектер! Кез келгеніміз қашанда сұлу болуды қалаймыз. Ал ол үшін бет, қол күтімінен бөлек шаш сәні де аса маңызды екені белгілі. Нәзік жандылардың ең басты "қаруларының" бірі – қолаң шашы. Алайда, қазіргі экологияның жағдайына байланысты, шашымыз көп зардап шегеді. Соның бірі – шаштың жұқаруы. ⠀ ⭕️Шашыңызды қалыңдатқыңыз келсе, назарларыңызға сан түрлі масканың жасалу жолын ұсынамыз: ⠀ 📌ЛИМОНМЕН ШАЮ. Жұқа шаш әдетте тез майланғыш келеді. Ол, өз кезегінде шашты әлсіз етеді. Ал лимон шырыны шашымызды нәрлендіріп, қуаттандырып, емдейді. Бұл масканы жасау үшін бірдей мөлшерде су мен лимон шырыны керек. Оларды араластырып, шашыңызға 5 минут бойы уқалап, жағыңыз. Содан соң сумен жуып тастаңыз. Көп ұзамай (көп жағдайда бірден) әсерін байқайсыз. Шашыңыз жылтырап, жұмсарып, жеңілдей түседі. Оның үстіне, жағымды иіс пайда болады. Сонымен қатар, бұл қоспа сусабынның орнын баса алады. Себебі лимон майды кетіретін, тазартатын және бактерияларды жоятын қасиетке ие. ⠀ 📌АВОКАДО. Бұл масканы жасау үшін бізге авокадо, бал мен майсана майы (касторовое масло) керек. Піскен авокадоның жұмсағын 2 ас қасық бал мен 3-4 ас қасық майсана майымен араластырамыз. Қоспаны шашымызға жағып, бір сағатқа қалдырамыз. Уақыт өткен соң, сусабынмен жуып тастау керек. ⠀ 📌СҰЛЫ МАСКАСЫ. Осыған дейін сіздерге сұлының бет күтіміне пайдасы жайлы айтқан болатынбыз. Енді, сұлының шашқа да беретін әсерін біле жүріңіз. Бұл масканы жасау үшін бізге сұлы, майсана майы, сүт пен А дәрумені қажет. 3 ас қасық сұлы, майсана майы, сүт пен бірнеше тамшы А дәруменін қосып, араластырыңыз. Қоспаны шашыңызға уқалап жағып, 20-30 минутқа қалдырыңыз. ⠀ 📌КАРТОП МАСКАСЫ. Бұл маска шашыңыздың түсуін тоқтатып, мықты етеді. Бізге шикі картоп, алоэ шырыны, бал, А мен Е дәрумендері керек. Картопты үккіш арқылы ұсақтап, шырынын сығып алыңыз. 2 ас қасық алоэ шырыны, 1 ас қасық бал мен дәрумендердің 1 ампуласынан қосып, араластырыңыз. Масканы шашыңызға жағып, 2 сағатқа қалдырыңыз. Нәтижеге қол жеткізу үшін бұл масканы аптасына бір рет қолдану керек. ⠀ ⚠️P.S: Бұл ақпарат "MASSAGET.kz" порталынан алынды. Кәделеріңізге жарасын!

Share 342 6

3 ЖАСТАН КЕЙІН ЕНДІ КЕШ ⠀ ✅(жалғасы) ⠀ 8. Баланың өз қызығушылықтарын немесе ыңғайсыз мінездерін көрсетуіне тыйым салмаңыз. Мұндай әрекеттер оның басқалармен байланыс қабілетін арттырады. ⠀ 9. Балаңызды шектен шықпай мақтаңыз және шектен шықпай жазалаңыз. Жақсы ісі үшін мақтаңыз, ал бұзақылығы үшін жазалауға асықпаңыз. Жалпы сирек жазалауға тырысыңыз. ⠀ 10. Балаға өзіңіздің «ЖАҚСЫ» яки «ЖАМАН» деген ойыңызды мәжбүрлеп тықпаламаңыз. Керісінше бала Сіздің көмегіңізбен өзі ақ-қараны ажыратып үйренсін, өмірлік сабақ алсын. ⠀ 11.Баланың белгілі бір нәрсеге қызығушылық оятыңыз және оны қолдаңыз. Ол үшін қажетті жағдайдың бәрін жасаңыз. ⠀ 12. Өткен, меңгерген дағдылар мен әрекеттерді қайталаңыз. Қайталау баланың миының жүйелі жұмыс істеуіне оң әсер етеді. ⠀ 13. Баланың қиялын (фантазиясын) ақымақтық деп немқұрайлы қарамаңыз. Армандау және қиялдау баланың шығармашылық потенциалын қалыптастырады. ⠀ 14. Жеңіл тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар жаттатыңыз. Бұл есте сақтау қабілетін шынықтырады. ⠀ 15. Балаға адамилықтың жақсы қырларын көрсетіңіз. Сондай-ақ баламен бірге классикалық музыка тыңдаңыз, өнер туындыларын көрсетіңіз, көркем әдебиет оқып беріңіз. ⠀ 16. Баланың танымын шектемеңіз. Нәресте қолымен жасаған әрекеттің бәрі оның зейінінің және шығармашылық қабілетінің артуына септігін тигізеді. ⠀ 17. Баланың сыни ойлауының (нестандартное мышление) дамуына мүмкіндік жасаңыз. Қарапайым ойлау қарапайым адамды қалыптастырады. ⠀ 18. Балаға сұрағанының бәрін алып бере бермеңіз. Ойыншықтың көптігі баланың назарын төмендетіп, қызықсыз боп қалады. Салдарынан оның бір нәрсе үйренуге, ойнауға ниеті болмайды. ⠀ 19. Баланың жанасу (тактильді) сезімін дамытыңыз: балаға әр түрлі материалдағы – жұмсақ, қатты, жеңіл, ауыр, қоймалжың, сұйық, тегіс, бұжыр заттарды қолымен ұстап көруіне мүмкіндік беріңіз. ⠀ 20. Балаға өзі құрастыруға болатын ойыншықтар беріңіз. Егер ол өзі құрастырып шығарса қалай қуанғанын көресіз. Әсіресе қазіргідей дайын ойыншықтар көп заманда бұл өте маңызды. ⠀ ⭕️Қалғаны төменде (комментті оқыңыз)⬇️⬇️⬇️ P.S: Басқалармен бөлісуді ұмытпаңыз!

Share 218 11
Advertisement
(adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});

3 ЖАСТАН КЕЙІН ЕНДІ КЕШ ⠀ Балаларды ерте жастан дамыту мен тәрбиелеудің новаторлық концепциясын ұсынған жапон ойшылы Масару Ибуканың «3 жастан кейін енді кеш» («После трех уже поздно») кітабының қысқаша мазмұны. ⠀ ❓Бұл кітаптан не біле аласыз? ⠀ ⭕️Кітапта баланы ерте жастан дамытудың негізі туралы айтылған. Баланы бүгінгі заманға бейім етіп өсіру үшін не қажеттілігін, бала тәрбиесінде ана мен әке қандай рөл атқаратынын, сәбиге қанша уақыт бөлу керектігін, бірге уақыт өткізуден қандай табыстарға қол жеткізуге болатынын білуге болады. ⠀ Масару Ибуканың тұжырымдауынша: 📌егер ата-ана балаға НЕ КЕРЕКТІГІН және ол ҚАШАН КЕРЕКТІГІН жақсы білсе онда кез келген бала ақылды әрі дара мінезді болып қалыптасады; ⠀ 📌баланың дамуына, оның мүмкіндіктері мен қабілеттеріне АЙНАЛАСЫНДАҒЫ АДАМДАР мен ҚОРШАҒАН ОРТА үлкен әсер етеді; ⠀ 📌баланың ерте жастағы дамуына АРАЛАСПАУ, оның таңдау еркін «ҚҰРМЕТТЕМЕУ» - үлкен қателік; ⠀ 📌3 жаста баланың миының ересектік мүмкіндігінің (взрослый потенциал) 80 %-ы қалыптасып үлгереді. Сондықтан алғашқы 3 жыл бала өмірінде айтулы маңызға ие. ⠀ БАЛАНЫ ҮШ ЖАСҚА ДЕЙІН ДАМЫТЫП ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ 25 ҰСТАНЫМЫ: ⠀ 1.Баланы қолға жиі алыңыз. Жанасулы (тактильді) байланыс баланың ақыл-ойын дамытуда үлкен рөл атқарады. ⠀ 2.Баланы жаныңызға алып жатыңыз. Әке-анасына жақын жатқан бала олардың жылулығын, иісін, гармониясын сезініп, қабылдайды. ⠀ 3.Жасанды тілде сөйлемеңіз. Әдетте біз «ням-ням», «кәкә», «кіш-кіш» сияқты «баланың тілінде» сөйлесеміз, бұл дұрыс емес. Туғанынан бастап кәдімгі ересектердің тілінде сөйлесу баланың тілі ерте шығуына және оның сөзді дұрыс айтуына әсер етеді. ⠀ 4.Баланың дамуына күнде көңіл бөліңіз. Күнделікті жаңа бір нәрсе баланың жаңа қылықтар шығаруына септігін тигізеді. ⠀ 5.Баланың көзінше ұрыспаңыз(дар). Нәресте негатив пен ашуды өте тез сезеді. ⠀ 6.Баланың басқа балалармен байланысына мүмкіндік беріңіз. Бұл баланың бойында ақыл-ойды, бәсекелестікті және алға ұмтылысты тудырады. ⠀ 7.Балаға анасы ғана емес, ӘКЕСІ де жақын болуы қажет. Әкесі мен баласының арасындағы байланысқа ешқандай кедергі болмауы керек, мейлі ұл болсын, мейлі қыз болсын. ⠀ ЖАЛҒАСЫ БАР... ⠀ P.S: 3 жасқа дейінгі баласы бар ата-аналарды белгілей кетіңіз

Share 269 11

БАҚЫТТЫ ЖҰПТАР БЕЛГІСІ ⠀ Ерлі-зайыптылар арасында қоғамдық орындарда талқыланбайтын және бөлісуге келмейтін мәселелер бар және олардың кейбірі адамгершілік, әдеп нормаларына қайшы келеді. Солай бола тұрса да, ол туралы айтпасақ бақытты жұптарды қалай анықтауға болады? Төменде бақытты жұптардың іс-әрекетін тізбелеп көрдім. Қарап көріңіздер, мүмкін, сіздер де сол әрекетті жасайтын боларсыздар: ⠀ 📍Бақытты жұптар кездескенде немесе қоштасқанда бір-бірін жай ғана құшағына алып өбеді. 📍Бақытты жұптар әлеуметтік желіге романтикалық өмірі туралы жарияламайды. Мысалы: Менің күйеуім бүгін әдемі гүл сыйлады т. б. 📍Бақытты жұптар ұрсып қалса да, бір-бірінен теріс айналмайды. 📍Бақытты жұптар көпшілік орында да бір-біріне жылы сөз айтып, қошемет көрсетіп отырады. 📍Бақытты жұптардың әрқайсының бойында кемшілігі бар екенін біледі бірақ, олар оған назар аудармайды. 📍Бақытты жұптар тек мерекеде ғана тілекші емес олар әрдайым тілеулес. 📍Бақытты жұптардың атқаратын ортақ әуесқой істері болады, сонымен қоса жалғыз қалатын жеке кеңістігі де болады. 📍Бақытты жұптар қандай жағдай болмасын бірін-бірі қолдап отырады. Мысалы: - Жаттығу залына жазылсам ба, деймін? - Әрине, барғаның дұрыс, денсаулығың жақсарып қалады. 📍Бақытты жұптар үшін махаббат әрқашан бірінші орында. ⠀ Ал Сіз бақытты жұптың тағы қандай белгісін білесіз? ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ 👇👇👇

Share 427 9

*** Қош енді, қош бол, күрең күз! Ақ қысты тездеп жібергіз. Ақ қыстай әппақ бір елміз, Ширығып біраз жүрерміз. Қош енді, қош бол, күрен күз, Шынығып өмір сүрерміз. ⠀ ©️М.Мақатаев

Share 237 1

Жезқазған жастарының форумы биыл шынымен жоғары деңгейде өтті. 15 номинация бойынша жыл үздіктері анықталды: "Жылдың жас ақыны" атағына Елбасының қолын алып, облыс әкімімен шай ішкен Мұқағали Сейтқазы @mukagali_seitkazy ие болса, "Жыл көшбасшысы" боп бауырым Төлен Руслан @with_love_ruslan_gulim танылды. "Жігерлі жас" номинациясын Шымқаладан Жезқалаға кеп білім алып жатқан өз студентім Гүлнұр @bazarbai_gulnur қанжығасына байлағанын да мақтанышпен айтамын! ⠀ Ал 15 номинацияның ішінде шоқтығы биік "Жыл мақтанышы" атағын (Алланың қалауымен былтыр маған бұйырған 😊) биыл жерлесіміз, шынайы мақтанышымыз, өз ағам Қуандық Рахым @rakhym_kuandyk.kz еншіледі. ⠀ Айтыстың ақтаңгері Дидар Қамиев @didar_kamiev арнаумен ашып, эстрада жұлдызы Қуандық Рахым "Мен - қазақпын!" әнімен қорытындылаған жастар мерекесі көп жасқа керемет әсер қалдырғаны анық. Осындай игі іске ұйытқы болған Жастар ресурстық орталығының жаңа басшысы Ботакөз Мұхиденнің еңбегін ерекше атап өткен жөн. ⠀ Дидар ақын айтпақшы, Жезқазғанның мысты басып өскен жастары әлемде әлі талай адамның мысын басатындай болсын! #жастаржылы #жезқазған #жезказган #менжасқазақстандықпын #қуандықрахым #дидарқамиев #екіжұлдыз #құттықтаймын

Share 333 3

Сүйікті әншілеріңіздің сәлемі мен тілегін қабыл алыңыздар! @rakhym_kuandyk.kz #қуандықрахым #менжасқазақстандықпын #менқазақпын #рахымқуандық

Share 286 2

Дидар телеарнасының тасын өрге домалатып, аймақтың айнасы, жаңалықтың жаршысы деңгейіне жеткізген алғашқы басшы-ұстазым - Базарбай Әлеуханұлы. "Дидардың" даңқы арта берсін!

Share 183 1
arman_zhann. Өзім әзірлеген алғашқы тортымды Нұриманымыздың 5 айлығына арнадым. Дин

Өзім әзірлеген алғашқы тортымды Нұриманымыздың 5 айлығына арнадым. Динара ханымнан @domashnie_vypechki_jez @dinara_kanafina_ 1 жыл бұрын торт пісіру курсын оқығанмын, соны енді жүзеге асырудың сәті түсті. P.S.: 1000 лайк, 100 комментарий жинаса рецептін жариялаймын 😉!

Share 322 35
Advertisement
(adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});

Ұлы Даланың «Дидары» ⠀ Мектеп бітіре салысымен еңбекке ерте араласқан жандардың бірімін. Алғашқы еңбек жолымды көп жастарға арман болған «Дидар» телеарнасында бастаймын деп еш ойламаппын. Әлі есімде: 2011 жылдың 18 қазанында таңертең «Дидар»-дан телефоныма түскен қоңырауды қабылдап, түсте сол кездегі бас редактор Лейла Ескенқызы @leilanurgali мен басшы Базарбай Әлеуханұлының қабылдауында болып, сол күні кешкісін алғаш рет эфирге шықтым. Осы күн менің өмірімді өзгертті. «Дидарда» еңбек еткен 4 жыл ішінде талайды түйдім, жақсылардан үйрендім, өмірлік сабақ болар тәжірибе де алдым. Әліппе бетінен әріп танытқан алғашқы ұстазың қандай ыстық болса, алғашқы жұмысың мен коллективің де сондай ыстық болады екен... ⠀ Қанатымды қатайтқан қарашаңырағыма, Арман болып қалыптасуыма сеп болған сол кездегі әріптестеріме, тәлімі мен тәрбиесін көрсеткен ұстаз-басшым Базарбай Әлеуханұлына алғыстан басқа айтарым жоқ. 4 күндей өте шыққан 4 жылдағы әрбір сәттерімді сағынышпен еске аламын. «Түбі телеарнаға қайта ораларсың...» дейді түйсігім. Кім білсін?! Ал әзірге айтарым: 60 жылдығың құтты болсын, «Дидарым»! ⠀ Жаса, жасай түс, жаса мәңгі! #ұлыдаладидары #дидар_телеарнасы_60_жыл #арманкенжебек

Share 310 5

Жанымдағы жігіттің есімі - Павел (Паша) @promaskevich . ——————————————————- Паша бір фильмнің кейіпкеріне ұқсайды. Сұрақ: кімге немесе қандай фильм? #полторашка #нольпять #паша #армани #лайктайм #pleasefollowme #pleasecomment #жезказган #жезқазған

Share 248 14

Оңнан солға қарай: 🌺МарЖанГүл🌺 @marika_makeupzhez @with_love_ruslan_gulim @arman_zhann #деффчонки #чикули

Share 359 2

Теңге эволюциясы/ Эволюция тенге. ⠀ Сізге қай жылғы теңге ұнайды? ⠀ Тенге какого года Вам нравится?

Share 70 4

✍🏼Марқұм Фариза апай Оңғарсынованың мына өлеңі біздің қазіргі күйімізді білдіретіндей: ⠀ Қоңырқайлау өтуде күз кештері, дос дегендер қанша күн жүздеспеді; шарттылықты немесе шақыруды былай қойып, келмейді іздеп сені. Жарқыл қағып келетін жандар бұрын қарсы алуға асығып таңдар нұрын, сағынысып келмейді, ант еткендей өткізуге көрмей-ақ қалған күнін. Бітті ме әлде ақтарар сырлар құрып, осы жайлар әйтеуір жүр жанды үгіп. Достар қайда әнімен, әзілімен отыратын үйіңді думан қылып. Ұмытқандай адамдар сағынуды өз-өзінен шаршаулы, жабығулы. Бір-біріне самарқау, енжар бәрі, қайда кеткен жас шақтың бағы нулы? Емес пе еді жұптасу адам әні, осыншалық не бізді даралады? Бір-біріне бас сұқпай көршілер де қорадағы қозыдай қамалады. Жалыққанмен ортадан сыртта күлген, құтқармайды ол (одан да құпта бірден), сен қаншама үйіңді қорған қылып ошағыңның басында бұққаныңмен. ⠀ 🍂Сіз үшін күз қалай өтуде?

Share 356 2

Бүгін Жезқазған политехникалық колледжінде @zhptklive жаңа латын әліпбиін талқыға салдық. Әуелгідей емес, өзіміз де, аға буын да, жастар да жаңа әліпбиге әбден үйреніп, оқу мен жазуға дағдыланып алыпты. Ми мен сана қабылдаса қол мен көзге түк қиын емес қой жалпы. ⠀ Бір қызығын айтайын: біз семинар-тренинг өткізіп жатқан дәл сол уақытта Нұр-Сұлтан қаласында әліпбидің кеше ғана көпшілікке ұсынылған 4-ші нұсқасын филолог ғалымдар мен биліктегілер түгін қалдырмай талдап, басқа варианттарды да қарастырып, бас қосып отырған. Ал біз мына жақта Президент Тоқаев "кемшілігі бар" деп сынаған бекітілген нұсқасын түсіндіріп әлекпіз. ⠀ Қысқасы, ЖАҢА ӘЛІПБИДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОҒАМ ДАЙЫН, БІРАҚ ӘЛІПБИ ДАЙЫН ЕМЕС! ПАРАДОКС! ⠀ Ал Сіз не дейсіз, оқырманым? ⠀ Қай нұсқа көңіліңізге қонымды? ⠀ Кириллицада қала берсек қайтеді?

Share 259 2

Құрметті оқырман! ⠀ Кітап оқуға байланысты әлеуметтік зерттеуге қатысып, жоғарыдағы сұрақтарға жауап беруіңізді және өз ойыңызды ашық жазуыңызды өтінеміз! ⠀ Сізге алдын ала рақметімізді білдіреміз!

Share 54 12
arman_zhann. Қ А Л А Й С Ы З Д А Р, ҚАЗАҚ ЕЛІ? 
#арманкенжебек 
#арманжансұлумәңгім

Қ А Л А Й С Ы З Д А Р, ҚАЗАҚ ЕЛІ? #арманкенжебек #арманжансұлумәңгімаxаббатжыры

Share 419 3
Advertisement
(adsbygoogle = window.adsbygoogle || []).push({});
arman_zhann. ҚАТЫГЕЗ ҰРПАҚ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?
⠀
Осы аптада жезқазғандықтардың жағасын ұс

ҚАТЫГЕЗ ҰРПАҚ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ? ⠀ Осы аптада жезқазғандықтардың жағасын ұстатқан жазатайым оқиға өзіме де, қоғамға да осылай сауал қоюыма себеп болып отыр. Мән-жайын анық білмеймін, ресми деректі көргенім жоқ, бірақ ел ауызындағы әңгімеге қарағанда 2001 жылғы бозбала 1990 жылғы дардай жігітті пышақтап кетіпті-мыс. Анығын АЛЛА БІЛУШІ! Рас болса отызына жетпей о дүниелік болған жігітті обал... Ата-анасы мен ағайындарына қиын. Ар жағында ажалы дейміз-ау?! Алайда өзіңнен 11 жас кіші бала қол көтеріп, пышақ жұмсаса қатыгездік емей немене? Жігіттер арасында жиі болатын кикілжіңнің сұмдық салдары дерміз. Бірақ, бұрынғы рамстар (төбелес) жастары шамалас, қатарлас адамдар арасында болып, кіші – үлкенге, үлкен – кішіге қол көтермеуші еді ғой. Екі пацан ерегісіп, біреуі әлі келмесе ағасын әкелетін, ондай жағдайда екіншісі де қарап қалмай, өз братанын тартатын. Екі брат мән-жайға қаныққан кейін не өздері еркекше шешеді, не брәтішкелерін раз на раз шығарады, не бейбіт жолмен шешіп, брәтішкелерінің өздерін жөнге салып жіберетін. Қалай болғанда да қазіргідей қатыгездік деген, адам өлімі деген жоқ еді. Бұл күндері өліммен аяқталған жасөспірімдер оқиғасы аз емес. ⠀ Қазір бесіктен белі шықпаған баланың қалтасында пышақ, қолында кастет жүреді. Кезінде кариясының кесімді сөзі елді, кемпірінің кесімді сөзі келінді тәрбиелеген қазақтың қазіргі ұрпағы қатыгез болып барады. Кім кінәлі: Халқын ойламаған билік? Адамгершілікті ұмытқан қоғам? Мейірімі жоқ мұғалім? Жо-жоооқ, кешіріңіз. Бұлардың біреуі де кінәлі емес. Кінәлі – тентегін тезге, тентірегенін жөнге сала алмай, ұл-қызына дұрыс тәрбие бере алмай отырған ата-ана. «Бәрін ата-анаға жаба салуға болмайды» деп дауласарсыз... Тәрбие – тал бесіктен, Отан – отбасынан басталмай ма?! ⠀ P.S: Балаға бүгін не ексең ертең соны орасың... Қай заманда да солай.

Share 284 14

Неге ЖАРЫҚ? ⠀ Қарағандыдан бері қарай 1 сағаттық жерде Жарық деген станция бар. Сіздер жақсы білесіздер оны, өйткені бара жатқанда да, келе жатқанда да пойыздар сол станцияда жарты сағаттай аялдайды. Тоғыз жолдың торабында тұр ғой. Жарықта жақын туыстарым тұрған соң жиі барам, ол жерді көрдім, бала күнімнен білем. Кейде ойлайтынмын: «осы жер неге «Жарық» деп аталды екен?!🤔» деп. Вроде қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары дейтіндей шыққан атақты адамдары жоқ, бір жылдары тіпті тура мағынасында жарық (свет) болмаған ауыл, сонда неге Жарық болды екен? Сөйтсем шаруа былай: ⠀ 📌Қазақтың зиялылары қырылған қуғын-сүргін жылдарында сәбеттік нквд-щниктер бір топ «халық жауларын» бір пойыздың составына түгел толтырып, вагонның іші-сыртын тас қараңғы болсын деп қаптап, бір жерден екінші жерге әкеле жатқан ғой. Солардың ішінде ұлт мақтанышы Сәкен Сейфуллин бар екен. Елестетіңізші: тас қараңғы, тар ауа, аш құрсақ, адам лық толы вагон. Жуть иә?!😵 «Қой, бұлай болмас, өлтіріп алармыз» деп нквд-щниктер бір станция көрінгенде пойызды тоқтатып, вагондардың есігін ашып, тұтқындалғандарға дем алуға мұрша берген ғой. Сонда қапастан күнге шыққан жарықтық Сәкен Сейфуллин қолын көкке жайып: «Я, Құдай, жарықты да көретін күн бар екен-ау?!» депті. Содан бастап жұрт сол станцияны ЖАРЫҚ атап кеткен деседі. Уот солай. ⠀ Негізі Жарық – бұрынғы атауы, қазіргі ресми атауы – Сәкен Сейфуллин кенті. Бірақ біз бәрібір Жарық дейміз. Аузымыз да, құлағымыз да осы атауға үйренген (Нұр-Сұлтанды Астана дей беретініміз сияқты ғой🤭) ⠀ Тарих сабағы бітті😉. Енді сіздерге 2 тапсырма: ⠀ 1.Жарық елді мекенін білсеңіз, көрсеңіз мен ✋деп қол көтеріңіз. ⠀ 2. Жарықта тұратындарды танысаңыз белгілей кетіңіз 👇(тұрған жерінің тарихын білсін) @zh.zhandos09 @zhksbb P.S: Бүгін бір сағат тарихшылардың жанында отырған соң ба, тарих туралы жазғым кеп кетті 😊

Share 322 38

⭕️КЕҢЕСТЕРІҢІЗ ҚАЖЕТ: ⠀ 🍢Жезқазғанда қай жердің кәуәбі (шашлык) дәмді әрі жақсы? Ұсыныстарыңыз... . PS: Суретке мән бермеңіздер де, сөкпеңіздер де 😉

Share 312 39

Естілді де даладан күздің үні, ⠀ Балаң сәттен уақыт үзді мұны. ⠀ Киімі де өзгеріп соңғы сәнмен, ⠀ Бір-ақ күнде бойжетті қыз-ғұмыры. #шабыт #күзгілирика

Share 294 1